6 қазанда Мысырда Израиль мен ХАМАС делегацияларының келіссөздері өтеді. Кездесуде кепілге алынған израильдік адамдар мен палестиналық тұтқындарды босату мәселесі талқыланбақ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
DW басылымының хабарлауынша, Мысыр Израиль мен Палестинаның ХАМАС террористік ұйымының өкілдерін 6 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамптың бейбітшілік жоспары аясында Газа секторындағы израильдік кепілге алынған адамдарды палестиналық тұтқындарға айырбастау бойынша келіссөздер жүргізуге шақырған.
Тікелей емес, жанама жүргізілетін келіссөздер Трамптың Газа секторындағы соғыс қимылдарын аяқтау жоспарын ұсынғаннан кейін туындаған "аймақтық және халықаралық серпінді дамуға бағытталған күш-жігердің бір бөлігі " болып табылады. Бұл туралы 4 қазанда Сыртқы істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді.
Әзірге кездесудің нақты қай жерде өтетіні белгісіз. Келіссөздер Шарм-эш-Шейхте немесе Каирда өтуі мүмкін.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз