Астана, Алматы мен Шымкенте 8 қазанда ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін Алматыда күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 16 градусқа дейін көтеріліп, түнде 3 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,4 м/с деңгейінде болмақ.

Астанада синоптиктер болжамынша, күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 9 градусқа дейін жетіп, түнде -5 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 2,7 м/с деңгейінде болады.

Шымкентте бүгін күн ашық болады. Күндіз термометр бағаны 23 градусқа дейін жетіп, түнде 8 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,0 м/с деңгейінде болмақ.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз