Үкіметте өткен брифингте денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қостанай облысында ота кезінде науқастың қайтыс болуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналист Арқалық қаласында операция кезінде науқастың қайтыс болғанын атап өтті. Оның сөзінше, хирург мас күйде операция жасады деген күдікке ілінген.

"Ол жерде Фармацевтикалық бақылау департаменті өкілдері жұмыс істеп жатыр. Облыстық полиция департаментінде тиісті іс қозғалды. Тергеу қорытындысы бойынша түсінік береміз. Полиция департаменті нақты мәлімет бермей отыр, бірақ біз өз тарабымыздан маман тағайындадық", — деді денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

"Қостанай жаңалықтары" басылымының хабарлауынша, Қостанай облыстық ауруханасы нейрохирургия бөлімшесі меңгерушісінің жасаған операциясынан кейін науқас қайтыс болған. 61 жастағы ер адам операция үстелінде көз жұмды.

"Баласы әкесінің қайтыс болғанын операция бөлмесіне кірген кезде дененің жаймаға оралып жатқанын көргенде білген. Марқұмның туыстары дәрігерді аурухана аумағында тоқтатып алған.

Әсел Оспанованың қызының айтуынша, полиция шақыртып, дәрігерді медициналық тексеруге алып кеткен. Онда хирургтың мас болғаны анықталды", — деп жазады басылым.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз