Қазақстан банктерінде 30 қыркүйектен бастап несие рәсімдеуде "шешім қабылдау" кезеңі енгізілді, яғни несие мақұлданғаннан кейін қаражат өтінім берушінің шотына аталған кезең өтпей аударылмайды. Толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтында.

Осы уақытқа дейін кез келген қазақстандық онлайн түрде несие рәсімдегенде ақша шотына бірден түсетін.

Ал 30 қыркүйектен бастап кепілсіз онлайн тұтынушылық несие алушылар үшін "шешім қабылдау" кезеңі енгізілді. Несиеге өтініш бергендер ақшаны бірден ала алмайды, белгілі бір уақыт күтуіне тура келеді.

  • несие сомасы 150-ден 255 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін немесе 589 800 теңгеден 1 002 660 теңгеге дейінгі сомаға берілген жағдайда кемінде 8 сағат;
  • несие сомасы 255 АЕК (1 002 660 теңге) асатын болса, кемінде 24 сағат;
  • 75 АЕК (294 900 теңге) асатын сомаға шағын несие берілген жағдайда кемінде 24 сағат күту керек.

Банктер мен микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) бір күн ішінде қарыз алушыға жалпы сомасы көрсетілген шектен асатын бірнеше несие берген жағдайда, "шешім қабылдау" кезеңін ұстануға міндетті.

Несие қаражаты "шешім қабылдау" кезеңі аяқталғаннан кейін және қарыз алушының келісімін алғаннан кейін ғана аударылады. Егер қарыз алушы ойын өзгертсе, келісім бұзылады және қаражат аударылмайды.

Бұл азаматтарды қорғау үшін жасалып отыр. Егер адам алаяқтықтың құрбаны болғанын түсінсе, шешім қабылдау" кезеңі несиені себеп-салдарсыз жоюға мүмкіндік береді.

Алайда шектеулердің тауарлық несиелерге, қайта қаржыландыру, төлем картасының 150 АЕК-ке дейінгі шегінде несиелерге қатысы жоқ.

Сонымен қатар егер қарыз алушыға шұғыл ақша шынында да қажет болса, банк бөлімшесіне баруға болады — бұл ретте шешім қабылдау" кезеңі ескерілмейді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз