Lamborghini жаңа Manifesto суперкарын таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Motor 1 басылымының жазуынша, италиялық бренд бұл прототипті өздерінің дизайнерлік орталығы — Centro Stile-дің 20 жылдығына орай жасаған.
Manifesto-ның сыртқы көрінісі Lamborghini-дің дәстүрлі стилінде, бірақ келесі ерекшеліктерімен көзге түседі:
- айқын көрінетін "акула тұмсықты" алдыңғы бөлігі;
- Fenomeno үлгісіндегідей Y-тәрізді шамдар;
- ірі артқы диффузор;
- ерекше екі күмбезді шыны төбе.
Ең қызығы — бұл концептте есіктер мүлде жоқ. Демек, салонға кіру — ашылатын шыны күмбез арқылы жүзеге асады деген идея ұсынылған.
Осылайша, бұл дизайн командасының шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетеді. Алайда, модельдің сериялық өндірісі жоспарланбаған.
Бұған дейін АҚШ-та бір сағат ішінде ғарыштан әлемнің кез келген нүктесіне жүк жеткізуге қабілетті аппарат таныстырылғанын жазғанбыз.