Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның шақыруымен Душанбеге ресми сапармен барады, деп хабарлайды Zakon.kz.
2025 жылдың 8 қазанында Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ресми ақпаратта былай делінген:
Қасым-Жомарт Тоқаев 9-10 қазан күндері Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның шақыруымен "Орталық Азия – Ресей" саммитіне және ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Душанбеге сапармен барады.
2025 жылғы 7 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының XII саммитіне қатысты.
Ал 2025 жылдың қараша айында оның Мәскеуге сапары жоспарланып отыр.