"Қазгидромет" мамандары 2025 жылғы 9 қазан, бейсенбі күні Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжам бойынша, жоғары қысым өрісінің әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Тек еліміздің солтүстік-шығысында және оңтүстіктің таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түрінде аздаған жауын-шашын күтіледі. Батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауылмен қатар жүреді. Солтүстік, орталық және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі", — делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз хабарламасында.

Синоптиктердің дерегінше, алдағы күндері үсік жүруі мүмкін:

  • Жетісу облысында -1…-6°С дейін;
  • Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, сондай-ақ батыс, солтүстік және оңтүстік өңірлерде -1…-3°С дейін;
  • Жамбыл облысының таулы аймақтарында -1…-3°С дейін.

Сонымен қатар, еліміздің бірқатар өңірінде өрт қаупі жоғары:

  • Жоғары өрт қаупі – Маңғыстау облысында; Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен орталығында; Атырау облысының солтүстік-шығысында; Ақтөбе облысының оңтүстігі мен солтүстігінде; Жамбыл облысының орталығында; Қостанай облысының оңтүстігінде; Ұлытау облысының шығысында; Абай облысының оңтүстігінде.
  • Ерекше өрт қаупі – Қызылорда облысында; Түркістан облысының батысы, солтүстігі, оңтүстігі мен шөлді аймақтарында; Атырау облысының солтүстігі, оңтүстігі және шығысында; Жамбыл облысының батысы мен солтүстігінде; Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы, оңтүстігі және оңтүстік-шығысында; Ақтөбе облысының батысы, солтүстік-шығысы мен орталығында; Алматы облысының солтүстігінде; Ұлытау облысының оңтүстігінде.