"Қазгидромет" РМК 9 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоктиктердің болжамынша, бірқатар өңірде күн райы бұзылып, үсік жүріп, шаңды дауыл болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында 1-3 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі.
Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз