Қазақстандықтарға өз иелігіндегі екі көлік арасында "әдемі" немесе VIP мемлекеттік нөмірді қалай ауыстыруға болатыны түсіндірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының 9 қазандағы ақпаратына сәйкес, нөмірді ауыстыру үшін екі негізгі шарт бар.

  • Бірінші шарт – екі көлік те бір адамның атына тіркелген болуы тиіс.
  • Екінші шарт – нөмір бос болуы қажет.
"VIP-нөмірді екінші автокөлікке көшіру үшін алдымен оны қазіргі көліктен тіркеуден шығару керек. Осыдан кейін "Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін ауыстыру" қызметін рәсімдеп, нөмірді басқа көлікке орнатуға болады. Айта кетейік, нөмір тек ресми түрде тіркеуден алынғаннан кейін ғана бос деп есептеледі", – деп түсіндірді корпорация өкілдері.

Бұған дейін қазақстандықтарға тіркеу кезінде қандай құжаттар қажет және тұрғын үйдің иесі міндетті түрде қатысуы керек пе деген сұрақтарға да жауап берілген болатын.