Мемлекет басшысы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Кездесуде президенттер Қазақстан мен Тәжікстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға бейіл екендерін растаған.
Тараптар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толық жүзеге асырудың маңызына тоқталған.
Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасқан.
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға "Орталық Азия – Ресей" саммитін, сонымен қатар ТМД мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын табысты өткізуге тілектестік білдірді.
Айта кетелік, бұған дейін мемлекет басшысының Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның шақыруымен Душанбе қаласына барғанын жазған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз