Дағыстандық саясаткер Сұлтан Хамзаев арабтануға қарсы екенін мәлім етті.
Оның бұл жайлы айтқан видеосы әлеуметтік желіні шулатты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Мен Дағыстандағы артық арабтануға қарсымын. Мен өзім қарсымын. Неге екенін түсіндіріп берейін. Біздің мәдениет пен дәстүр кем емес. Біздің дәстүрде де орамал тағу туралы бар. Менің көзімде әйел адам дағыстандық орамалда болса әдемі көрінеді. Өзінің өнері бар, біздің дәстүрге сай. Ол әдемі ғой. Біз оны неге жоғалту керекпіз? Біз неге өз салт-дәстүрімізді ұмыту керекпіз? Біз оны ұмытпау керекпіз. Керісінше, одан сайын арта түсу керек, оны қолдау керекпіз. Мен арабтаға, ешқандай ұлтқа қарсы емеспін. Дағыстандағы тым артық арабтану маған ұнамайды», — деді шенеунік.
Белгілі саясаткер әрі экономист Мұхтар Тайжан да арабтандыруға жол бермеу керектігін айтқан еді.
«Қазіргі таңда замануи исламизациямен пайдаланып кейбіреулер қазақты шын мәнінде арабтандыруға шақырып отыр. Он ғасыр бойы исламда жүрген қазақты исламмен қайта таныстырғысы келеді) Сонда Яссауи, Бухар жырау, Бекет, Мәшhүрді жоққа шығаруымыз қажет пе? Жоқ әрине.
Біз орыстандыру саясатынан әрең аман қалып енді арабтандыру саясатына батып кетпеуіміз жөн. Қазақтар Алламен қазақша сөйлесе де Алла бізді ұғады деп сенімдімін, өйткені Алла адамды кез келген тілде түсінеді. Алла біздің жүректерімізде. Ал жүрегіміз қазақ болып қала беру керек», — деп жазды саясаткер.