Түркияда қылмыс әлемінде "Тозақ Неджати" (түрікше — Cəhənnəm Necati) лақап атымен танымал Неджати Джошкун Арабаджы (Necati Coşkun Arabacı) тұтқындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Türkiye Today мәліметінше, "Кёльннің Әкесі" деген лақап атпен де танымал Арабаджы қылмыстық топтың жетекшісі саналады және ол бірқатар ауыр қылмыстарға күдікті ретінде қарастырылып отыр. Олардың қатарында — ақшаны заңдастыру (жылыстату), бопсалау, есірткі саудасы және қару-жарақ контрабандасы бар.

53 жастағы қылмыскер 7 қазан күні Измир әуежайында ұсталды. Ол Интерпол желісі бойынша халықаралық іздеуде жүрген.

Полициядағы барлық рәсімдер аяқталған соң, Арабаджы сотқа жеткізілді. Сот оның қамауға алынуына шешім шығарды.

Бұған дейін Ресейде көшеде жүрген аю тұрғындардың зәресін алғанын жазғанбыз.