Тректегі велоспорттан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Сантьяго (Чили) қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын ерлер құрамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құрамда жеті спортшы бар. Жүлде үшін төмендегі атлеттер бақ сынайды:

  • Рамис Дінмұхаметов
  • Дмитрий Носков
  • Әлішер Жұмақан
  • Илья Карабутов
  • Кирилл Курдиди
  • Рамазан Мұхтар
  • Данияр Шаяхметов

Әлем чемпионаты 22–26 қазан аралығында өтеді.