Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев сенат кулуарында азаматтарға өз қажеттілігін өтеуге мүмкіндік беретін жалақы мөлшерін атады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Асқарбек Ертаев бұл сұрақ бойынша жауабын Қазақстандағы орташа жалақыға негіздейтінін айтты.
"Бізде жалақы медианды жалақыдан төмен немесе одан жоғары болмауы керек — бұл жалақы азаматтың негізгі қажеттілігін өтеуді қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта орташа жалақы 400 мың теңге, ал медианды жалақы 288 мың теңге шамасында", — деді Асқарбек Ертаев.
Оның айтуынша, министрлік ел бойынша 95 мың ұйымдағы жалақы деңгейіне мониторинг жүргізіп отыр. Вице-министр 73 000 ұйымда (жалпы санның 76 пайызы) жалақы орташа жалақы деңгейінде немесе одан жоғары екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ Асқарбек Ертаев Халықаралық еңбек ұйымы жалақы индексі 50-ден төмен болмауын ұсынатынын, ал Қазақстан бұл көрсеткішке 2030 жылға дейін жетуді жоспарлап отырғанын айтты.
"Қазіргі жалақы индексіміз 30 пайыз, яғни төмен, сондықтан біз кезең-кезеңімен 50 пайызға жетеміз", — деді вице-министр.
Ертаев сондай-ақ Еңбек министрлігі оның мөлшері ақшалай мәнде қанша болатынын әлі есептемегенін айтты.
Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, төрт баланың әкесі Асқарбек Ертаев отбасының айлық шығыны қанша екенін айтқан еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз