Оралда 2025 жылғы 9 қазанда екі көлік түйісіп, қалың бұқараға шоу көрсетті. Белгілі болғандай, көлік тізгіндегендер шекісіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жетінші арна" телеарнасының ақпаратына сүйенсек, көптің көзінше көлік шайқасын ұйымдастырған азаматтар көп ұзамай анықталды. Қазір полиция жанжалға не себеп болғанын тексеріп жатыр.

"Оқиғаға қатысқан барлық азамат жедел анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мән-жай анықталды". Нұржан Қуанғали, БҚО ПД ресми өкілі:

Бұған дейін Қарағандыда мектеп жанында әйел адамның мүрдесі табылғанын жазғанбыз.