Салық төлеуден жалтару бойынша күдікке ілінген азамат Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшілігінің қолдауымен салық төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматы экстрадициялаған.
"2018-2020 жылдар аралығында ол коммерциялық кәсіпорын директоры бола тұра, корпоративтік табыс және қосылған құн салығын төлеуден жалтарып, мемлекетке 293 млн теңгеден астам залал келтірген.
Қылмысты жасағаннан кейін күдікті жасырынып, бір жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздестірілуде болды", — делінген хабарламада.
Биыл қыркүйек айында ол Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша құқық қорғау органдарына берілген.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.
Жасалған қылмыстары үшін оған мүлкі тәркілене отырып, бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
Бас прокуратураның мәліметінше, биыл Біріккен Араб Әмірліктерінен іздестіріліп жүрген тұлға 9 азамат экстрадицияланған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз