Қатонқарағай ұлттық паркінің әкімшілігі тауда орнатылған фотоаппаратқа қызығушылық танытқан аюлардың видеосымен желіде бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған видео ұлттық парктің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

"Фототұзақты байқап қалған қоңыр аю оны едеуір айналшықтап көреді. Құдды: "Мені не, рұқсатсыз түсіріп жатыр ма?!" деп таң қалғандай. Арғы жағынан қарап, тістеп, түртіп те көреді, өзіне ұнамаған кадрларды өшірмек болғандай) Біраздан соң бұл іске досы да "қосылып", екеуі бірігіп фототұзақты "шешпек болады"! Фототұзақты орнатқан – орманшы Жомарт Аманбаев", делінген видео сипаттамасында.

Публикация от Катонқарағай ұлттық паркі/Катон-Карагайский национальный парк (@katonkaragay_nationalpark)

Бұған дейін Қызыл кітапқа енген құландар "Алтын дала" резерваты аумағына жіберілгені хабарланған.