АҚШ-тың Теннесси штатында әскери зауытта жарылыс болды, бірнеше адам қаза тауып, хабар-ошарсыз кеткендер де бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
ABC News-тің хабарлауынша, Хамфрис округінің шерифі Крис Дэвис әскери мақсаттағы жарылғыш заттарды өндіруге маманданған Accurate Energetic Systems кәсіпорнында жарылыс шамамен сағат 7.45-те (Астана уақыты бойынша 17.45) болған.
"Бірнеше адам жоғалып кетті. Біз олардың кейбірі қайтыс болғанын растай аламыз", — деді шериф баспасөз мәслихатында.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен құтқарушылар келгенімен, зауытқа қарай беттей алмауда. Өйткені жарылыстар қайталануда. Сондықтан құтқару жұмыстары әлі басталған жоқ, деп нақтылайды Associated Press.
Accurate Energetic Systems АҚШ Қорғаныс министрлігі мен өнеркәсіптік нарық үшін әртүрлі жарылғыш қосылыстар мен арнайы өнімдер жасап шығарады.
American Press агенттігінің хабарлауынша, 19 адам хабар-ошарсыз кеткен.