Мыңдаған палестиналықтар бітімгершілік келісімі күшіне енгеннен кейін Газа секторының оңтүстігінен солтүстікке қарай бет алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аш-Шифа ауруханасының директоры Мұхаммед Әбу Салмия Израиль әскерлері кеткеннен кейін қалада кемінде 33 адамның денесі табылғанын айтты, деп хабарлайды CNN телеарнасы.
Анклавтың солтүстік бөлігінің барлық дерлік халқы 2023 жылдың 7 қазанында ХАМАС шабуылы және Израиль әскери операциясы бастағаннан кейін жылы орнын тастап кетуге мәжбүр болды. Екі жыл ішінде бұл аймақ бүтіндей қирандыға айналды: инфрақұрылым, электр және су желілелі әбден талқандалды.
Израиль қорғаныс армиясы солтүстікке қарай үдере көшкендерге жағалаудағы әл-Рашид көше және Салах ад-Дин жолымен жүруге рұқсат етілгенін нақтылады.
Көптеген адам үшін бұл — үйге оралудың екінші әрекеті. Қаңтарда Израиль қысқа уақытқа кейбір аудандағы адамдарға үйіне оралуға рұқсат берді, бірақ содан кейін қайтадан эвакуациялау басталып кетті. ЦАХАЛ жүргізген талдауға сәйкес, сол кезде қаладан соғысқа дейінгі халықтың 90%-ы, яғни 640 мыңға жуық адам шыққан.
Қалада әуе шабуылы операциясы басталған кезде жұмыс істеп тұрған бір де бір аурухана қалмаған. Қираған әл-Рантиси ауруханасына оралған дәрігерлер ғимарат пен жабдықтан түк қалмағанын жеткізді.
БҰҰ-ның Азық-түлік қауіпсіздігінің кешенді классификациясы мәліметтеріне сәйкес, тамыз айында Газа қаласын аштық шарпыды және сектордың қалған бөлігіне тарады.
Солтүстікке қайтып келгендердің арасында Тал-Эль-Хавадан жеткен 70 жастағы Маджди әл-Хур да бар. Оның үйі қирап, екі бала қайтыс болған.
"Қырық жылғы еңбегім еш болды. Менің барар жерім, басар тауым жоқ", — деді ол CNN-ге берген сұқбатында.
Израиль бұл секторда атысты тоқтату туралы келісімнің күшіне енгенін және 72 сағат бойында кепілге алынған адамдар және тұтқындармен алмасу басталғанын айтты. Бұл шамамен екі мың адам.
Израиль армиясы өз күштері Газаның жекелеген аймақтарында қала беретінін және оларға жақындау "өте қауіпті" екенін ескертті.
2025 жылғы 9 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев Газа секторында атысты доғаруды қолдап, пікір білдірді.