"Ақтөбе U-16" командасының ойыншысы, 15 жастағы футболшы Арон Мұса көз жұмды. Бұл туралы клубтың желідегі ресми аккаунтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Кеше, QJ league турнирінде ойнайтын "Ақтөбе U-16" командасының ойыншысы, 15-жастағы футболшы Арон Мұса өмірден озды. Аронның отбасында үлкен қайғы болды.

Арон бауырымызбен бірге әжесі және немере ағасы да көз жұмды. Мұса әулетіне, туған туыстарына қайғыра көңіл айтамыз", — делінген Instagram желісінде жарияланған хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от FC Aktobe Jastar (@fcaktobe_youth)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз