Норвегиядағы азық-түлік және сусын өндірушілер конфедерациясы ЕЭА (Еуропалық экономикалық аймақ) ережелеріне қайшы келеді деп есептеп, жаңа жарнамаға тыйым салу ережесіне байланысты ESA бақылау органына шағым түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жергілікті NRK басылымының жазуынша, қазан айының соңында күшіне енетін жаңа қаулыға сәйкес, 18 жасқа толмағандарға бағытталған жарнама түрлеріне кәмпит, газдалған және энергетикалық сусындар, балмұздақ пен басқа да тәттілерді енгізуге тыйым салынады.
Норвегиядағы Азық-түлік және сусын өндірушілер конфедерациясының басшысы Петтер Хаас Брубакк бұл тыйымның шектен тыс екенін айтып, оның мәтініндегі тұжырымдар тым бұлыңғыр, ал бұл өз кезегінде бизнеске белгісіздік туғызады,- деп мәлімдеді.
Оған жауап ретінде Норвегияның денсаулық сақтау министрі Ян Кристиан Вестре жаңа ережелерге бейімделу үшін компанияларға екі жылдық өтпелі кезең берілетінін айтты.
Бұған дейін мыңдаған палестиналықтардың Газа секторының солтүстігіне қарай үдере бет алғанын жазғанбыз.