Күзде туристердің көпшілігі табиғаттың әсем бояуларына тамсану үшін тауларға шығады. Алтын күз – таңғажайып әдемілігінен бөлек, саяхат үшін де ең қолайлы кезең болып саналады. Алматылық гид қазан айында қайда баруға болатынын және қауіпсіздік шараларын қалай сақтау керектігін айтып берді.

32 жастағы алматылық Нұрбол Нұралин үшін таулар – жұмысқа айналған хобби.

"Мен 2013 жылдан бері тауларға шығамын, ол кезде әскери училищеде оқитын едім. Ал, қазір мен тауда дайындық нұсқаушысымын және құтқарушымын. Таулардағы тыныштық пен таза ауа, қаланың ығы-жығынан мүлде басқа атмосфера ұнайды. Әр маусымның өз ерекшелігі бар. Күз, әрине, жарқын әрі қанық түстер уақыты. Қазір төрт мыңдық шыңдар қармен көмкерілген. Ал одан төменде – алтын күз", – дейді Нұрбол Нұралин.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от GUIDE | RESCUE | 8000m+ CLIMBER | SKIER| (@nurbol_nuralyn)

Гидтің айтуынша, қазір тауларда әдемі ландшафттан басқа, трекинг үшін де ауа райы мінсіз.

"Жазда өте ыстық (+40 градусқа дейін), ал қазір температура қолайлы – шамамен +10 градус. Ыстық та, суық та емес, жеңіл сезім, терлемейсің де, тоңбайсың да. Тағы бір артықшылығы – күзде тауларда кенелер мен басқа жәндіктер жоқ. Сондықтан бұл – тауға шығуға ең қолайлы маусым", – деп атап өтті Нұрбол Нұралин.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от GUIDE | RESCUE | 8000m+ CLIMBER | SKIER| (@nurbol_nuralyn)

Маман күзде ерекше әдемі болатын маршруттарды атап өтті:

  • Үлкен Алматы көлі
  • Маншүк Мәметованың көлі
  • Көк-Жайлау

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от GUIDE | RESCUE | 8000m+ CLIMBER | SKIER| (@nurbol_nuralyn)

Оның айтуынша, тауда жабайы аңдарды кездестіру қиын, олар негізінен Талғар, Аюсай, Өтпелі, Қасқабас шатқалдарында кездеседі. Ал, аталмыш жерлерге демалушылар аз барады.

"Күзде туристер саны азаяды, себебі көпшіліктің оқуы басталады, демалыс аяқталады, әрі ауа райы суытады. Менің ойымша, суықтан қорқудың қажеті жоқ, тек жылы киініп, жарақтаныңыз. Ең бастысы – тоңбау, шай салынған термос, бас киім, қолғап, бас шам алып жүру керек, себебі күн тез батады. Ерте шығу және уақытында үйге қайту маңызды, шыңға жеттіңіз бе, жетпедіңіз бе, маңызды емес", – дейді Нұрбол Нұралин.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от GUIDE | RESCUE | 8000m+ CLIMBER | SKIER| (@nurbol_nuralyn)

Сонымен қатар, нұсқаушы тауға жалғыз шықпауға, жақындарына маршрут туралы міндетті түрде хабарлауға және байланыста болуға кеңес береді. Қараша айына қарай тауларда қардың көбеюі мүмкін, бұл қар көшкінінің қаупін күшейтеді. Сондықтан төрт мың метрден жоғары қарлы етектерге шығамын десеңіз, нұсқаушылардан қар жабынының тұрақтылығын алдын ала сұраған дұрыс. Ал солтүстік беткейлерге, әсіресе альпинизм дағдылары жоқ жаңадан бастағандар үшін бармау керек.