Жамбыл облысында мектеп директоры кабинетінің табалдырығына тұз сеуіп, қоғамдық орынды ластаған мұғалім жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жуалы аудандық соты ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-бөлігі (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) бойынша мұғалім әйелге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық ісін қарады.
"Іс материалына сәйкес, ол орта мектептің дәлізінде және директордың кабинетінің алдына тұз шашып ортақ пайдаланатын қоғамдық орынды ластаған. Әйел адам мұғалім ретінде мектепке жұмысқа орналасқысы келетінін, сондықтан тұзбен рәсім жасап көруді жөн көргенін айтқан. Сот отырысында У. жасаған ісіне өкініш білдіріп, өз кінәсін толық мойындап және соттан қатаң жаза тағайындамауды сұрады". Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі
Сот қаулысымен У. ӘҚБтК 434-2-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 27 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Астанада 2025 жылғы 13 қазанда кондитер Нұршат Ақбергенованың блогер Аселина Батырдың үстінен түсірген азаматтық талап-қою арызы бойынша негізгі сот талқысы өз жалғасын тапты. Дауға түрткі — 600 мың теңгенің торты.