Түркістан облысында Исрайловтар отбасында үшем дүниеге келді. Бұл туралы Сауран аудандық ауруханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, Сауран ауданы Қосқорған елді мекенінің 38 жастағы тұрғыны Махру Каримова 20 кыркүйекте бес ұлдан кейін үшемді (2 қыз, 1 ұл) дүниеге әкелген.
Біраз уақыт дәрігердің бақылауында болған сәбилер мен анасы 11 қазанда үйге шығарылған.
Үшемдер мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 35 аптасында жоспарлы кесір тілігі арқылы дүниеге келген. Олардың бірінің салмағы 1940 грамм болса, екіншісі – 2100 грамм, үшіншісі 2000 грамм салмаққа жеткен.
Көпбалалы отбасы үшемдерді Сафия, Амир және Хадия деп атаған.
Ведомство өкілдерінің хабарлуынша, қазіргі уақытта ана мен нәрестелердің денсаулығы жақсы, емхананың медициналық қызметкерлерінің тұрақты бақылауында.
Оларды Сауран аудандық емханасының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Л.Қодаманова арнайы барып құттықтап қайтқан.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз