Үкіметтің 2025 жылғы 8 қазандағы қаулысымен Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, Ереже Министрліктің жаңа функцияларымен толықтырылды:

  • Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне, олардың құрылымына қойылатын талаптарды әзірлеу және оларды Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;
  • Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің сақтандыру, қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі есептілікті ұсыну тізбесін, нысандарын, мерзімдері мен тәртібін әзірлеу және оларды Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен, бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен, салық органы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;
  • салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, орын алмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің ҚР заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды беру қағидаларын әзірлеу және бекіту сауда қызметін реттеу;
  • мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдау.

Бұдан басқа, функция 2026 жылғы 19 қаңтардан бастап келесі редакцияда қолданысқа енгізіледі:

  • облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін әзірлеу.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.