Қызылорда облысы Қармақшы ауданында салмағы 6 келі 500 грамм болатын ұл бала дүниеге әкелді. Нәресте – отбасының тұңғышы, деп хабарлайды 24.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Дәрігерлердің айтуынша, сәби дүниеге келген сәтте жағдайы ауыр болған. Нәресте жансақтау бөлімшесінде қосымша ем қабылдаған. Қазіргі таңда ана мен баланың жағдайы тұрақты.

"Нәресте әрі қарай қарқынды емдеу бөлімінде ем алды. Қазір жағдайы қанағаттанарлық, анасымен бірге", — дейді акушерлік бөлім меңгерушісі Арман Ержанова.

Алып сәбидің анасы Салтанат Ұзақбайдың айтуынша, басында жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесіне түскен.

"Сол жақта УЗИ-ге түсіріп, балаңыз ірі, кесар тілігімен босандырамыз деп дәрігерлер бірігіп, аман-есен алып қалды. Атын Қуанышбек деп қойып жатырмыз", — деді ол.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз