Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев 2025 жылғы 15 қазанда Мәжіліс кулуарында жоғары сынып оқушыларына акушер-гинекологтардың кеңесін енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистердің "мектепте оқушының жүктілігін қалай байқамаған?" деген сұрағына жауап бере отырып, Сұлтанғазиев қыз балада ешқандай шағым болмағанын және арнайы тексеру жүргізілмегенін айтты. Оның сөзінше, жүктілік туралы не мұғалімдер, не ата-аналар білмеген.

"Арнайы профилактикалық тексеру болған жоқ. Тек наурыз айының басында скрининг жүргізілді. Сол кезде қыз баланың жүктілігі ерте кезеңде болғандықтан, оны анықтау мүмкін болмады. Скрининг кезінде офтальмологтар мен отоларингологтар тексереді, ал акушер-гинекологтар қатыспайды", – деді вице-министр.

Сонымен қатар ол бұл ұсыныстың Актөбе облысындағы оқиғаға тікелей қатысы жоқ екенін, бірақ болашақта жоғары сыныптағы қыздарға гинеколог кеңесін міндеттеу бастамасы қарастырылып жатқанын атап өтті.

Бұған дейін хабарланғандай, Ақтөбе облысының Ойыл ауданында 14 жастағы 9-сынып оқушысы босанған. Оқиғаға қыздың әжесінің жұбайының қатысы бар деген күдік бар, ол қызға туыстық қатынаста емес.