Балалар омбудсмені Динара Зәкиева Алматы облысында жетім қызға топтасып зорлық көрсету фактісіне қатысты істің тергелу барысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Балалар омбудсмені Динара Зәкиева әлеуметтік желіде өзіне келіп түскен сұрақтарға жауап беріп, Алматы облысында жетім қызды топтасып зорлау дерегі бойынша тергеу қалай жүріп жатқаны туралы ақпаратты жариялады.

"Кәмелетке толмаған жеті жасөспірім анықталды. Тергеу жүргізілуде. Дүйсенбіден бері оқиға орнында облыстық балалар құқығы жөніндегі уәкіл мен психологиялық қолдау қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", — деді Зәкиева.

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын желіде Алматы облысында мектеп жасындағы жетім қызды топтасып зорлау фактісі туралы ақпарат тарады. Полиция, Оқу-ағарту министрлігіндегілер және әкімдік өкілдері ақпаратқа қатысты түсінік берді. Аудандық білім бөлімінің мәліметінше, мектеп директоры оқиғаны білген соң полицияға хабарласқан.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз