Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов сенат кулуарында блогер Жанабыловтардың ісіне қатысты пікір білдірді, деп деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Журналистердің сауалына жауап берген Елемесовтің айтуынша, Жанабыловтарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабы 1-бөлігі (заңсыз кәсіпкерлік) бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталған.
"Қосымша мәліметтер болса сіздерге хабарлаймыз. Өздеріңіз білесіздер, апелляциялық шағым дүйсенбі күні сотта қаралды, содан кейін материалдар бізге келіп түсті", — деді ҚМА өкілі.
Ол тергеу амалдары екі айға дейін созылуы мүмкін екенін айтты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз