Премьер-министр президенттің азаматтар мүддесі үшін экономикалық реформалар бағдарламасын жүзеге асыруды ретке келтіру жөніндегі тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Қазақстан үкіметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Кеңеске премьер-министрден бөлек, үкімет мүшелерінің, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары қатысты. Жиын қорытындысы бойынша бірнеше шешім қабылданды.
Солардың бірі — бензин мен дизель отыны бағасын одан әрі көтеруге мораторий енгізу.
"Биыл 16 қазаннан бастап инфляция деңгейі тұрақтанғанға дейін АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бағасын одан әрі көтеруге мораторий енгізіледі.
Премьер-министр Энергетика министрлігіне Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, тиісті қадағалау жүргізуді, сондай-ақ ішкі нарықты ЖЖМ-мен үздіксіз қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды", — делінген үкіметтің ресми хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз