17 қазанда Алматы халықаралық әуежайы аумағында антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді. Бұл туралы Алматы терроризмге қарсы жедел штабына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Антитерролық оқу-жаттығулар 17 қазан күні сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін өткізіледі.

Жолаушыларға жоспарлы антитеррорлық жаттығулар кезінде авиа және автокөлік қозғалысына шектеу қойылмайтыны ескертілді.

Жаттығулардың негізгі мақсаты – көлік инфрақұрылымы нысандарында терроризм актілерінің алдын алу және оларды жою тетіктерін жетілдіру. Азаматтардан қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Сондай-ақ тек ресми ақпарат көздеріне сүйеніп, жалған мәлімет таратпау қажет", — делінген Алматы терроризмге қарсы жедел штабтың хабарламасында.

Полиция тұрғындарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуші тұлғаның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз