Құрлықтық біріншілік бүгін, 17 қазан күні Дохада басталады.

17–25 қазан аралығында Катар астанасы Доха қаласында Азияның ең мықты командалары қатысатын беделді құрлықтық турнир өтеді. Бұл додада қазақстандық спортшылар еліміздің намысын қорғайды.

Жеребе нәтижесінде Қазақстан құрамасы Жапония, Филиппин және Ливан құрамаларымен D тобына түсті.

Жарыс алдында біздің команда толық медициналық тексеруден өтіп, жалпы дене дайындығы (ОФП) мен йога жаттығуларына белсене қатысып, оқу-жаттығу жиындарын өткізді. FIP Silver турниріндегі тамаша өнер көрсететкеннен кейін спортшыларымыз Азия кубогына жақсы дайындықпен аттанды.

Турнирдің бастапқы кезеңі 17–19 қазан аралығында өтеді. Әр топтан үздік шыққан командалар 20–24 қазан аралығында өтетін Азия кубогының финалдық кезеңіне жолдама алады.