Маңғыстау облысында полицейлер аса ірі көлемдегі есірткі заттарын заңсыз сақтаған күдіктілерді ұстады.
13 қыркүйекте облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен прокуратура қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" және "Қарасора-2025" жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында арнайы "Бүркіт" жасағының сарбаздарымен және қызметтік ит Кираның көмегімен жедел-іздестіру және тінту жұмыстарын жүргізді.
Мұнайлы ауданының "Южный" саяжай серіктестігі аумағында екі учаскеде есірткі сақтады деген күдікпен бірнеше азамат ұсталды.
Тінту кезінде гараждар мен көліктерден жалпы салмағы 62 келіден астам марихуана, қару-жарақ, байланыс және бақылау құрылғылары, сондай-ақ 32 миллион теңгеден астам қолма-қол ақша табылып, тәркіленді.
Күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.