"Қазгидромет" РМК 17 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер бірқатар өңірде ауа райы қолайсыз болатынын хабарлап, ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, шығысында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде 1-6 градус үсік жүреді. Алматы қаласында 17 қазанда түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, күндіз күші 15-20 м/с-қа дейін барады, облыстың солтүстігінде, шығысында жел екпіні 23 м/с-қа жетеді.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында жел екпіні 15-20 м/с-қа, кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді. Түнде 4-9 градус үсік түседі.

Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда жел екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда жел екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, жел екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз