Дональд Трамп жақын арада қайтадан Ресей президентімен кездеседі. Қос мемлекет басшысы Украинадағы соғысты тоқтатуды талқыламақ, деп хабарлайды "Астана" арнасы.
Трамп Путиннен бөлек, Венгрия басшысымен де жолықпақ. Осылайша АҚШ президенті бар күшін енді Украинадағы соғысты тоқтатуға жұмсайтынын айтты. Соңғы кезде Украинаға бүйрегі бұра бастаған Трамп Зеленскийді Ақ үйде қабылдады. Қос президент Украинаға зымыран сату бойынша келіссөздер жүргізді.
"Біз кеше президент Путин екеуіміз телефон арқылы сөйлестік. Жақын арада кездесеміз. Мен Украинаға Томогавк зымырандарын беретінім туралы айттым. Ол хабардар. Бірақ, соғысты тоқтатуға ишара білдірмесе, зымырандарды тым көп беремін", — дейді АҚШ президенті Дональд Трамп.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз