2025 жылғы 16 қазанда Семей қаласында облыс прокуроры Ерлан Абаевтың басшылығымен экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ сотталғандарды дерадикалдандыру бойынша үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Кездесуге уәкілетті мемлекеттік органдар мен үйлестіру кеңесінің мүшелері қатысты. Отырыста негізгі назар радикалданудың алдын алу шаралары мен ведомствоаралық ынтымақтастықты күшейтуге аударылды.
Облыс прокуроры Ерлан Абаев интернетте радикалды көзқарасты насихаттаушылардың саны артып келе жатқандығына алаңдаушылық білдіріп, бұл мәселені шешу үшін құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысы маңызды екенін атап өтті.
"Радикалданудың алдын алу және оған қарсы күрестің жаңа тиімді әдістерін енгізу қажет. Бұл бағыттағы басты міндет – құқық қорғау органдары мен басқа да ведомстволардың іс-қимылдарын үйлестіру", – деді Ерлан Абаев.
Отырыстың қорытындысында уәкілетті органдарға нақты тапсырмалар беріліп, ұсынылған шараларды жүзеге асыру өңірдегі қауіпсіздік пен бас бостандығынан айыру орындарындағы тұрақтылықты арттыруға бағытталған.