"Қазгидромет" РМК қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер күн райының бұзылуына орай өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел күтіледі, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде 3 градус үсік жүреді. Төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус үсік жүреді. 20-22 қазанда облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз