Әзербайжанда апатқа ұшыраған AZAL әуекомпаниясының Embraer-190 ұшағының жолаушысы Нурулла Сираджов қайтыс болды. Бұл туралы Lent.az басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның хабарлауынша, Ақтау маңында болған ұшақ апатынан зардап шеккен Нурулла Сираджов бүгін таңғы уақытта көз жұмған. Бұл туралы журналистерге марқұмның туыстары хабарлады.
Белгілі болғандай, Сираджов өз үйінде қайтыс болған. Ер адам қатерлі ісікке шалдыққан. Апат болған кезде ол Грозный қаласына ота жасатуға бара жатқан. Алайда оқиға салдарынан Нурулла жоспарлаған операциясын жасата алмаған. Ол жарақаттарымен Бакудың ауруханасына жатқызылды. Ер адам жарақаттарынан айығып шықса да, қатерлі ісікті жеңе алмады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз