Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған делегация Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының жыл сайынғы сессиялары аясында Нью-Йорк қор биржасына (New York Stock Exchange, NYSE) барды.
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Жұманғарин NYSE стратегиялық операциялар және корпоративтік қатынастар департаментінің басшысы Уилл Гудвинмен кездескен.
«Кездесу кезінде NYSE өкілдері Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру мүмкіндігі, сондай-ақ ірі ұлттық компаниялардың биржаға шығу перспективалары жөніндегі сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді», – деп хабарлайды министрлік.
Сапар соңында Қазақстаннан барған делегация биржаның сауда залының тынысымен танысқан.