Қазақстандағы оқушылардың бірінші тоқсандағы каникулы 7 күнге созылатын болды.
Каникул 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғанда аяқталады.
«Мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады», – деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
Айта кетейік, оқушылар қысқы каникул мен көктемгі каникул кезінде 10 күннен демалады. Бірінші сынып оқушылары 9-15 ақпан аралығында қосымша демалады.