Алматы қаласында жеке балалар орталығының қызметкерінен 20 миллион теңге бопсалаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға туралы хабарлама орталық қызметкерінен түскен.

"Жеке балабақшадағы педагог бір оқушының әкесінің әрекетіне наразы болған. Сол себепті әкесі қызметкерден 20 миллион теңге талап етіп, жалған ақпарат таратумен қорқытып бопсалаған", – деді полициядан.

Полицияның ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері іс-әрекетті дұрыс рәсімдеп, қажетті дәлелдерді жинады.

Нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске сала кетсек, 15–16 қазан 2025 жылдары ІІМ территориясында ТМД елдерінде "Іздеу" атты жедел-профилактикалық шара өткізілген болатын.