Әлемнің 16-шы ракеткасы, қазақстандық теннисші Александр Бублик Венада өткен ATP-500 турнирінде Чили спортшысы Алехандро Табилоны бірінші айналымда жеңіп, ойдағыдай өнер көрсете білді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Матч 6:4, 6:4 есебімен аяқталып, бір сағаттан астам уақытқа созылды.
Аталған турнирдің жүлде қоры 2,7 млн евроны құрайды.
Бублик алғашқы соққылардың 72%-ын сәтті жүзеге асырып, тоғыз эйс жасады. Ал теннис добын қабылдау кезінде қазақстандық теннисші 44% ұпай жинап, жеті брейк-пойнттың үшеуін іске асырды.
Бубликтің келесі қарсыласы америкалық Алекс Михельсен немесе аргентиналық Франсиско Серундоло болмақ.
Бұған дейін Бублик әлемдік рейтингіде жоғарылап, өз рекордын жаңартқан болатын.