Алматыда "КНЯЖИЧИ" ерлер хоры алғаш рет тек қазақ тіліндегі шығармалардан тұратын жеке концертін ұсынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көрермендерге жақсы таныс халық әндері мен композиторлардың туындылары ерлер хорына арналған жаңа өңдеуде шырқалады.

Бағдарламада "Қамажай", "Отан ана", "Су тасушы қыз", "Бәрінен де сен сұлу", "Домбыраға қол соқпа", "Самалтау" және басқа да танымал әндер бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от МУЖСКОЙ ХОР "КНЯЖИЧИ" (@knyazhichi.choir)

Хордың көркемдік жетекшісі Сергей Редькиннің айтуынша, қазақ тіліндегі әндерді орындау топтың шығармашылығында ерекше орын алады.

"Біз әр концертке қазақ тіліндегі бірнеше ән қосып отыратынбыз. Бұл туындылар көрерменнің де, өзіміздің де жүрегімізге жақын. Біртіндеп репертуар кеңейіп, жеке қазақша концерт ұйымдастыру идеясы пайда болды", – деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от МУЖСКОЙ ХОР "КНЯЖИЧИ" (@knyazhichi.choir)

Музыканттың сөзінше, хор мүшелерінің көбі қазақ тілін жақсы меңгерген, сондықтан әндерді орындауда қиындық болмаған.

"Қазақ мәдениеті бізге жат емес. Көпшілігіміз қазақша еркін сөйлейміз. Сондықтан ән мәтіндерін дұрыс айту біз үшін қиын болған жоқ", – дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Freedom Ticketon (@ticketonkz)

Редькиннің айтуынша, бұл концерт Республика күні мерекесіне орай ұйымдастырылған.

"Бұл – мерекені атап өтудің тамаша тәсілі. Батырхан Шүкеновтің "Отан ана", "Қайран көңіл-ай", "Гүл Алматы" сияқты әндері жаңа аранжировкамен, заманауи форматта орындалады. Тыңдарман ерекше әсер алады деп сенемін", – деді жетекші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от МУЖСКОЙ ХОР "КНЯЖИЧИ" (@knyazhichi.choir)

Музыкалық кеш 26 қазан күні сағат 18:00-де Алматы қаласындағы Caspian University-де өтеді.