Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшылары Астана әуежайында қол алысып қоштасты. Ресми шығарып салу рәсімі құрметті қарауыл мен ресми құрмет көрсету жағдайында өтті.

Сапар барысында Ильхам Әлиев Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы бизнес-форумға қатысып, Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында тараптар көлік, энергетика, туризм және цифрландыру салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Бұған дейін біз Әзербайжан президентінің мемлекеттік сапармен Қазақстанға келгенін және оны Ақордада ресми қарсы алу рәсімі өткенін жазған едік. Сондай-ақ Қазақстан мен Әзербайжанның ынтымақтастық жөнінде 15 құжатқа қол қойғаны хабарланған болатын.