"Қазгидромет" РМК 23 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер бірқатар өңірде тұман түсіп, үсік жүретінін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Маңғыстау облысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының шығысында тұман түседі.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болуы ықтимал.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с-қа жетеді.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді.

Түркістан облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз