ЕО-ның Ресейге қарсы санкцияларының 19-шы пакетінде ресейлік ВТБ Банкінің Қазақстандағы еншілес ұйымы шектеу қойылатын ұйымдардың тізіміне енді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Еуропалық кеңес сайтында жарияланған құжатқа сүйенсек, шектеу биыл 2 желтоқсанда күшіне енеді. Онда Еуропалық одақ юрисдикциясы аясында қаржылық қызметтер мен операцияларға шектеу қамтылған.

Тізімге Беларусь пен Шанхайдағы ВТБ-ның еншілес компаниялары да енді.

Санкцияға ілінген банктер тізімі. Фото: eur-lex.europa.eu

Естеріңізге сала кетейік, ВТБ Банк ресейлік тағы бір еншілес ұйым "Сбербанк Қазақстан" сияқты 2022 жылы Еуроодақ санкцияларына ілінген еді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз