Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Жалпы отырыста депутат­тар­дың қарауына «Қазақстан Рес­пуб­ли­касындағы банктер және банк қызметі туралы» заң жоба­сы және қаржы нарығын рет­теу және дамыту мәселелері бо­йынша түзетулер ұсыныла­ды. Құжаттарды өткен жылғы 2 қыркүйектегі және биыл­ғы 8 қыркүйектегі Президент Жол­дауын жүзеге асыру аясында Үкі­мет әзірлеген. Заң жобалары банк жүйесінің тұрақтылығын және бәсе­кеге қабілеттілігін арттыруға, тұты­нушылар құқы­ғын қорғауды күшей­туге және ұлттық цифрлық инфра­құрылымды дамытуға бағытталған.

Сонымен қатар палатаға бірінші оқылымда тарихи-мәде­ни мұра объектілерін қорғау мәселе­леріне қатысты заңнамалық түзету­лерді талқылау ұсынылады. Заң жобасы Парламент депутат­тарының бастамасымен Мемлекет басшысының был­тырғы 15 наурызда өткен Ұлт­тық құрылтайдың үшінші оты­ры­­сындағы архео­логиялық қыз­метті реттеу туралы тапсырмасын орындау мақсатымен әзірленген.

Жобада археологиялық жұ­мыс­­­тарды лицензиялау жүйе­сін өзгерту, ескерткіштер мен архео­­ло­гиялық нысандар туралы дерек­­терді жүйелеу, Біріккен авто­мат­танды­рылған ақпа­рат­тық жүйе құру, сондай-ақ Ә.Х.Мар­ғұлан атын­дағы Археология институты үйлестіретін Ұлттық архео­­логия­лық қызметтің құзы­ретт­ерін айқындау көзделеді.

Мәжілістің салалық комитет­тері бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа алады. Олар – 1993 жылғы 22 қаңтардағы және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияларға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы, 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақ­стан мен Ресей Үкіметтері арасын­дағы елімізге мұнай және мұ­най өнімдерін жеткізу саласын­дағы сауда-экономикалық ынтымақ­тастық туралы келісімнің қолданы­луын қайта бастау және оған өзгеріс­тер енгізу туралы хаттаманы рати­фи­кациялау туралы заң жобалары.

Сондай-ақ депутаттар Әкімші­лік құқық бұзушылық туралы кодекске энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша енгізілетін түзетулерді жұмысқа алады.