1991 жылы Семей полигонының жа­былуы – адамзат тарихындағы ең үлкен гуманистік шешімдердің бірі.

Ондаған жыл сынақ алаңы болып келген қазақ даласы егемендік ала сала ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартып, әлемге бейбітшілік пен парасаттың үл­гісін көрсетті. 1 100-ден астам ядролық оқ­тұмсық жойылды. Бұл – нағыз ерлік. Сол ше­шім арқылы еліміз ядролық қаруды таратпау идеясын халықаралық деңгейде насихаттап, «Ядролық қарусыз әлем» бас­тама­сының көшбасшысына айналды. БҰҰ 2009 жылы 29 тамызды – Ядро­лық сынақтар-ға қарсы іс-қимылдың халық­аралық күні деп бекітті. Бұл күн – дәл Семей поли­гонының жабылған күнімен тұспа-тұс келеді.