Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Ералы Ордабаев Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын үшін таласты, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.
Ол финалда Сауд Арабиясының өкілі Абдулелах Миралеммен кездесті. Тартысты жекпе-жекте қазақстандық спортшы қарсыласына есе жіберді.
Бұған дейін аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасының өкілі Нұртілеу Өтеген мен Санжар Иманғали Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының финалында өнер көрсетіп, екеуі де күміс медаль алғанын жазғанбыз.