Бельгия астанасының басты символдарының бірі — "Манекен Писке" Қазақстанның Республика күні мерекесіне орай тағы да шапан жабылды, деп хабарлайды елшілікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан Республикасының Бельгиядағы елшілігінің Instagram парақшасында хабарланғандай, кеше Брюссельде Қазақстан Республикасы күніне арналған мәдени шара өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Embassy of Kazakhstan in Brussels (@kazakhstaninbrussels)

"Брюссель қаласында Қазақстанның Республика күніне орай танымал Манекен Пис мүсініне қазақтың шапаны кигізілді. Шараны Қазақстан елшілігі мен Манекен Пис сақшылары ордені ұйымдастырды", — делінген елшілік хабарламасында.

Бұл оқиға Қазақстан мен Бельгия арасындағы достық пен мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған, деп қосты елшілік өкілдері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Embassy of Kazakhstan in Brussels (@kazakhstaninbrussels)

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан кеше Республика күнін атап өтті – бұл елдегі жалғыз ұлттық мереке. Бұл күн 1990 жылғы 25 қазанда Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылдануына орай мереке ретінде бекітілген.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз